Сирияда мыңдаған адам үйлерін тастап кетті
Жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияда да іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Көз жұмғандар 3 мыңға жуықтаған. Елдегі мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сай, 300 мыңға жуық адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Тұрғындар үйінді астында қалған туыстарын табу үшін құтқарушыларға көмектесіп жүр. 12 жылға жуық азаматтық соғыстан көз ашпаған Сириядаға жағдайды зілзала одан әрі қиындатты. Халықаралық гуманитарлық көмек те жете бастады. Алайда кей аудандарда қиындық бар, себебі өткізу пункттеріне апаратын жолдар бұзылған.
Ахмет Салум, Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:
Таңертеңнен бері осындамыз. Мына жерден 7 адамның мәйітін шығардық. Бейбіт тұрғындар бізге үйінділерден адамдарды алып шығуға көмектесіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06