Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 15 мыңнан асты
Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны 15 мыңнан асты. Жер сілкінісінен кейін үш тәулік өтсе де, үйінді астында аман қалған адамдар табылып жатыр. Хатайда 68 сағаттан кейін бір отбасының төрт мүшесі аман-есен құтқарылды.
Соңғы мәліметтерге сай, Түркияда қаза тапқандардың саны 12 мыңнан асқан. 63 мыңға жуық адам жараланды. Іздеу-құтқару операциялары әлі де жалғасып жатыр. Дегенмен халық кей аудандарда жұмыстар баяу жүріп жатқанын сынға алды. Олардың сөзінше, қажетті көмек келмей жатыр. Ең ауыр зардап шеккен аймақтардың бірі - Хатайға сапары кезінде президент Ердоған мұндай апатқа алдын ала дайын болу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
Зілзаладан аман қалғандардың үйлерін бір жылдың ішінде салып береміз. Мен қажетті нұсқау бердім. Қазір Хатайда барлығы 21 мың 200 әскери, жандармерия және полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр. Осыған қарамастан кейбіреулер мұнда құтқарушылар жоқ деп жалған ақпарат таратты.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06