«Ауыл» партиясынан 34 кандидат бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясынан 34 кандидат бақ сынайды

04.02.2023

Елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XXII съезі өтті. Құрылтайда сайлауалды бағдарлама қабылданады. Алдағы саяси науқанында партия атынан 25, ал бір мандатты жүйе бойынша 9 кандидат бақ сынайды. Съезге дейін аймақтардағы филиалдарда конференциялар өткен. Соның нәтижесінде 600-ден астам кандидат мәслихаттардың депутаттығына ұсынылып отыр. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. 2021 жылғы сайлауда партия Мәжіліске өте алмады. Бірақ саяси құрылымның 237 мүшесі партиялық тізім бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға депутат болып сайланды. Айта кетейік, былтыр президенттікке кандидат болған Қарақат Әбден «Ауыл» партиясының мүшесі атанды.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы:

Партияның саяси бағыты өзгерген емес, өзгермейді де. Ол - ауыл мен ауыл шаруашылығы мен аграрлық саланы саласын дамыту. Ауыл - біздің тұрақты болашағымыз. Ауыл жұмысымыздың негізі болып есептеледі. Себебі ауыл – жалпы мемлекетіміздің, Қазақстанымыздың экономикасының негізі. Ол біздің экономикамыздың драйвері.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу