Әлихан Смайылов: Бизнеске кедергілер жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Бизнеске кедергілер жойылады

31.01.2023

Бизнеске кедергілер жойылады. Ол үшін 66 заң актісіне өзгерту енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Кәсіпкерлікті жаңа талаптармен реттеу тетіктері арқылы 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 4,7 млн адамға жетеді деген болжам бар. Атқарылатын жұмыстар мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қазір бизнесті реттеу шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталып отыр. Әлихан Смайылов Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашан да дайын деді. Кәсіпкерлікке қойылатын міндетті талаптар тізімі қажет кезде қайтадан қаралып, реттеліп отырады. Яғни, орынсыз, бірін-бірі қайталайтын немесе тиімсіз талаптарды анықтау және алып тастау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Жаңа шарттарға сәйкес келмейтін талаптарды жою үшін заңға тәуелі актілерге өзгерістер енгізуді жылдамтату керек. Осы актілерді қайта қарап, биылғы жылдың 31-наурызына дейін тиісті салалық бұйрықтарды қабылдау қажет барлық мемелкеттік органдарға. Мемелкеттік қолдау шаралары бизнестің табысын ұлғайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрақты жалақы мәселелерін де шешу керек.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу