Ақтөбедегі демалыс базаларында келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары басталды
Ақтөбе қаласындағы демалыс базаларында келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары басталды. Естеріңізде болса, шаһардағы демалыс орындарының бірінің аумағында 16 жастағы оқушы қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып өткен болатын. Салдарынан 40 жастағы келіншек сол жерде қайтыс болды. Бір ересек адам мен бес бала жарақат алды. Осы жағдайдан кейін жергілікті билік демалыс нысандарының басшылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, келушілердің қауіпсіздігіне бірінші кезекте кәсіпкер жауапты. Ал, қарда жүретін көлік ауыл шаруашылығы мақсатындағы техника ретінде есепке алынатындықтан, оның қозғалысына тыйым салынбайды.
Айдос Хамиев, қала әкімінің орынбасары:Тыйым салынады деп айта алмаймыз. Себебі, жеке пайдаланушылардың жауапкершілігінде. Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы әкімдігімен осындай ұқсас қала бойынша 6 демалыс орны бар. Олар қазіргі таңда тиісті арнайы мемлекеттік мекемелер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ең бастысы - келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары екені ескертілді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты»
07.09.2026, 11:09
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59