Елордада Қазақстан халық партиясының кезектен тыс 23-съезі өтті
Елордада Қазақстан халық партиясының кезектен тыс 23-съезі өтті. Жиында сайлауалды бағдарлама қабылданып, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Сонымен қатар, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынылды. Партия төрағасы қазіргі ахуалға қысқаша талдау жасады. Қоғамда әлеуметтік әділеттілік идеясы өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Халық партиясы президенттік реформаларды толық қолдайтынын жеткізді. Съезде аймақтардағы филиал төрағаларына науқанды ұйымдастыру мен өткізуге, сенім білдірген адамдар мен байқаушылардың тізімін жасауға және басқа да мәселелерге қатысты нақты тапсырма берілді.
Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы:
Бабаларымыздың «Бірлік болса – тірлік болады» деген аманат өсиеті бар. Әрине, баршамызға бірлік керек! Дегенмен, демократия жағдайында Парламент сайлауында плюрализм, яғни пікір алуандығы қажет. Сондықтан да айтарым – біз табанды күрес жолына түсеміз, біз халық мүддесін жақтаймыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға үндеу жасады
03.03.2026, 20:59
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!»
03.03.2026, 20:19
Жаңа Конституция жобасы – ұзақмерзімді дамудың берік негізі
03.03.2026, 20:15
Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған ең ірі 50 елдің қатарына енді
03.03.2026, 20:12
Республикалық референдумға дайындық кестеге сай жүріп жатыр
03.03.2026, 20:09
Биыл 9 мың шақырымға жуық автожол жөнделеді
03.03.2026, 20:08
Референдум: Басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?
03.03.2026, 20:07
Израиль Ливанның оңтүстігіне әскер кіргізіп жатыр
03.03.2026, 20:07