Елдің болашағына қарапайым халық тікелей араласа бастады. Бұған былтыр өткен рефрендум айқын дәлел. Тұрғындар пікірі осылай. Алда келе жатқан Мәжіліс сайлауынан да ел жұрттың күтері мол.
Халықтың қамын ойлап, жай ғана ойлап қоймай оны жүзеге асыратын жаңа Мәжіліс депутаттарын көргісі келеді. Сондықтан да бұның қайта жасақталуы орынды. Заңды құбылыс деп айтуға болады.
Осы сайлау науқаны бізде еліміздегі үлкен қабылданып жатқан шешімдердің бірі. Ол осы мемлекетіміздің жаңғыруына үлкен үлесін қосады деген ойдамын.
Әділетті Қазақстанды құрудағы негізгі қадамдардың бірі деп санаймын. Мұның барлығы неге керек сұрақ туындауы мүмкін. Мұның барлығы саяси бәсекені арттыру үшін сонымен қатар саясаттың ашықтығын қаматамасыз ету үшін керек.
Нұрсұлтан Тілектес