Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын палатаға айналады
Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын палата болуы керек. Сарапшылар осындай пікірде. Қазіргі таңда ондағы депутаттардың 80 пайызы аймақтардан сайланған. Сол себепті әр облыстағы өзекті мәселелер Сенат қабырғасында қызу талқыланып, шешімін табуы керек дейді олар.
Мансұрхан Махамбетов, Парламентаризм институтының директоры:
Қазіргі геополитикалық жағдайда, біздің ішкі-сыртқы жағдайымызда Сенаттың атқаратын рөлі өте маңызды. Себебі бұл өзі бір ғана заң шығармашылығы ғана емес, өзінше конституциялық құқығы бар.
Қуаныш Сайлау, ҚСЗИ ғылыми қызметкері:
Сенатор ең бірінші өзінің тағайындалған облысының жоғары деңгейдегі мүддесін және де халықтың қажеттіліктерін қорғауы керек.
Саяси жүйені жаңғырту жолындағы маңызды қадам
Ал наурызда өтетін саяси дода сайлауға және сайлануға деген сенімді қайтарады деген үлкен үміт бар. Сарапшылар осындай пікірде. Олардың сөзінше осы науқаннан кейін мүлдем басқа, белсенді әрі бастамашыл Мәжіліс қалыптасуы тиіс. Парламентаризмді дамыту арқылы ғана тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ете аламыз дейді сарапшылар.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12