Франция халқы зейнет жасын ұлғайтуға қарсы ереуілге шықты
Франция халқы жаппай ереуілге шықпақ. Тұрғындардың басым бөлігі биліктің зейнет жасын өсіру туралы жоспарына наразы. Жаңа заң жобасын парламент мақұлдаса, зейнет жасы 62-ден 64-ке ұзартылмақ. Бұған сай, 2027 жылдан бастап толық көлемде зейнетақы алу үшін француздар 43 жыл еңбек етуі тиіс болады. Бірнеше қалада өтетін жаппай ереуілге ондаған мың адам қатыспақ. Қалааралық пойыз қатынасы шектеліп, мектептер жабылады.
Париждегі Орли әуежайында кейбір ұшақ рейстері шегерілді. Ал метрода жүргізушісіз екі желі ғана жұмыс істеп тұр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06