Ақтөбе облысының Хромтау ауданында «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға 16 500 адам ниет білдірген. Пайызы төмен несие алып, өз ісін бастаймын дегендермен Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов кездесті. Аймаққа жұмыс сапары аясында Вице-Премьер білім және әлеуметтік мекемелердің жұмысымен де танысты.
Хромтау ауданы аграрлық саламен айналысуға қолайлы аймақ. Сондықтан болар, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар тек мал мал шаруашылығы бойынша 150 жоба ұсынған. Құс өсіріп, жылыжай салғысы келетіндер де көп.
Нұрлы Өтешев, Ақжар ауылының тұрғыны:
Тараз облысынан келіп, жобамен таныстырып кетті. Өте тиімді. Екі жарым пайызбен алуға болады. Көкөніс, қияр, қызанақ өсіргім дегендер үшін өте тиімді жоба ғой.
Бүгінде аудан бойынша барлығы 945 жоба бар. Іс бастаймын деген ауыл тұрғындарын өңір басшылығы да қолдауға әзір. Үкімет басшысының орынбасарымен кездесуге келгендер «Ауыл аманаты» жобаның бағыттары, мен несиелеу шарттарына қатысты сұрақтарын қойды.
Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Жұмыс істеймін деген адамдарға үлкен қолдау. Сіздер банктерге барып, үлкен кепілдеме беріп, оны үлкен пайызбен алмайсыздар, өте қолайлы, ыңғайлы бағдарлама. Әкімшілік те, біз де – баршамыз көмектесіп отырамыз. Жұмыстың көзін тауып, оны істеу өздеріңізге байланысты.
Тау-кен металлургия саласы үшін мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны осы Хромтау қаласында орналасқан. Мұнда мыңнан астам студент оқиды. Олардың арасында көршілес облыстардан арнайы келіп білім алып жүргендер де бар. Диплом алған түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары.
Марал Біржанов, колледж директорының орынбасары:
Жылына 250 түлек шығарамыз. Тау-кен саласы болғасын «Ұңғымашы» деген, «Тау-кен жұмысшысы» деген, «Байытушы» деген мамандықтар.Бұл Ақтөбе облысы тұрмақ, Батыс Қазақстанда да мұндай мамандықтар дайындамайды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Білім ордасы соңғы үлгідегі құрылғылармен толық жабдықталған. Мәселен мына біз отырған «Бұрғылау қондырғысының симулияторы» деп аталады.Яғни, осы жерден тәжірибеден өткен студнт өндіріс орнына барып, оңай жұмыс істеп кете алады.
Алтай Көлгінов аудандағы әлеуметтік мекеме мекемелердің де жұмысымен танысты. Сондай-ақ, халықтың табысын арттыру тақырыбы бойынша облыс орталығында ұйымдастырылған көшпелі жиынға қатысты.
Жақсыбек Кемал