«Amanat» партиясының жастар қанаты жаңа жобаны іске қосты
Жастарға баспана алу немесе емделу, кәсіп ашу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер бойынша қажетті кеңес беретін пункттер ашылды. «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастарға кеңес» жобасы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы бөлімдер ашқан. Кеңесші мамандардың арасында жұмыспен қамту орталықтарының, «Отбасы банк пен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, медициналық сақтандыру қорының және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мамандары бар. Халық көп жүретін базарлар мен қатынау қиын шалғай ауылдардан ашылған бөлімшелер таңғы 6-дан кешкі 9 ға дейін жұмыс істейді.
Нұржан Жетпісбаев «Amanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
Біз Қасым Жомарт Тоқаевтың «100 мың жасты жұмысқа орналастыру» бастамасын қолдау арқылы осындай жаңа жобаны қосып отырмыз. Ең негізгі мақсат жастарға қажетті кеңесті беру, Қажет болса сол жерде жастарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жасау, қандай да бір қабілеттіліктерін, жаңа білім көзін ашуға жастарға сол жердегі ресустарды көрсету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәдениет - тазалықтан басталады
21.05.2026, 10:21
«Мөлдір өлең» ұлттық поэзиялық жобасы басталды
21.05.2026, 10:20
Елордада құрбан шалу үшін арнайы орындар белгіленді
21.05.2026, 10:19
Қазақстандықтар жасанды интеллектке сеніммен қарайды
21.05.2026, 10:18
Таразда заманауи зертханалар ашылды
21.05.2026, 10:16
Бельгияда мұғалімдер 7 күндік шеру жариялады
21.05.2026, 10:14
Аргентинада бюджетті қысқартуға қарсы шеру өтті
21.05.2026, 10:14
АҚШ Үкіметі Рауль Кастроға айып тақты
21.05.2026, 10:13