Бельгияда мұғалімдер 7 күндік шеру жариялады
Бельгияда мұғалімдер жеті күндік демонстрация жариялады. Брюссель мен елдің Валлония аймағының ұстаздары оқу ордаларының алдына жиналып, наразылық акциясын өткізіп жатыр. Олар білім министрлігінің жаңа реформасына және бюджетті қысқартуға қарсы. Ұстаздар қауымы бір апта жұмысқа шықпайтындықтан, Валлония мен Брюссельдің бірқатар мектебінде сабақ болмайды. Корольдікте оқу жылы біздегідей 25 мамырда аяқталмайды, шілденің 1-не дейін жалғасады. Дегенмен ұстаздар әкімшілік жүктемені азайтып, жалақыны көтермейінше жұмысқа оралмайтындарын айтуда.
Мартин Буйон, әлеуметтану пәнінің мұғалімі:
Биліктегілер мұғалімдерді қысқартып, қалған ұстаздарға жүктемені көбейтпек. Бұрынғыдан екі сағатқа көп жұмыс істеуге міндеттіміз, бірақ жалақы өспейді. Ұстаздардың статусын түсіріп, еңбегімізді құнсыздандырып жіберді.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12