Елордада құрбан шалу үшін арнайы орындар белгіленді
Астанада Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді. Рәсім бес мамандандырылған алаңда, күнделікті таңғы 7-ден кешкі 6-ға дейін жүргізіледі. Көпшлігі Байқоңыр ауданында орналасқан. Олар: «Шанхай»,«Баракат», «Жайлау» базары мен «Шәушен» шаруа қожалығы. Ал Алматы ауданы бойынша Теміржолшылар тұрғын алабындағы «Ет-Хан» ет цехына баруға болады. Қала әкімдігі құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайтынын ескертті. Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет, деді. Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдеі биыл да онлайн құрбандық шалу дәстүрі жалғасатынын хабарлады. Тапсырыс Qurban.muftyat.kz сайты арқылы қабылданады
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы