Басты Жаңалықтар Таразда заманауи зертханалар ашылды

Таразда заманауи зертханалар ашылды

Енді тараздық жастар жасанды интеллект пен химия саласын ғылыми тәжірибелік тұрғыда меңгере алады. Ол үшін өңірде 2 заманауи зертхана ашылды. Бұл шаруа мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында жүзеге асып отыр.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базасында құрылған орталық қытайлық мамандардың көмегімен жүзеге асты. Енді мұнда жастарға тың жобалар жасап, сандық технологияларды үйренуге мүмкіндік көп. Робототехника, бағдарламалау және киберқауіпсіздікті тереңдетіп зерттеуге барлық жағдай жасалған. Ашылуға келген студенттер мен оқушылар жасанды интеллектпен жасалған жобаларды көріп, химиялық зерттеу құралдарымен танысты. Көрмеде ақылды камера, AI көмекші, адамның көңіл күйін анықтайтын психотест жүйесі мен AI агент бағдарламалары таныстырылды. Сондай-ақ, робот жасау барысында ЖИ жүйелерін біріктіру мүмкіндіктері көрсетілді.
Лу Ди, қытайлық компания директоры:

Біз өз технологияларымыздың заманауи әдістемесін ала келдік. Тәжірибемізбен бөлісіп, тренингтер де өттік. Сондай-ақ Қытайдан білім беру ісінде қолданылып жатқан мектеп бағдарламаларын да бере аламыз. Бізді Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» жарияланғаны қуантады. Осындай қолдау аясында әрқашан әріптестік байланысты нығайтуға дайынбыз.

Бөлісу