Мәдениет - тазалықтан басталады
21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күні орай, Түркістанда ерекше тазалық шарасы өтті. Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры мен халықаралық қазақ-түрік университеті «Өнер, медиа және дизайн» факультетінің студенттері «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастырды. Бұл жолы өнер ұжымы Түркістанның мәдениеті мен руханятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан актер, режиссер, ұстаз Райымбек Сейтметовтің есімі берілген көшеде тазалық жұмыстарын жүргізді. Табиғат жанашырлары көше бойын күл-қоқыстан тазартып, тұрмыстық қалдықтарды жинастырды. Өсіп кеткен шөптерді шауып, жол бойын ретке келтірді. Бұл бастама бір жағынан жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырса, екіншіден өнер адамына деген ізгілік идеясын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Шәкен Амантұров, Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының актері:
Барлық ұжым, студенттер, ұстаздар жан беріп, жан алып, бүкіл көшені қоқыстан тазалап, ретке келтіріп қойдық шама-шарқымыз келгенше. Ол біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында еліміз, жеріміз таза болсын. Біздің ұрпағымыз осындай таза қалада өмір сүрсін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы