Қазақстандықтар жасанды интеллектке сеніммен қарайды
Жасанды интеллект миллиондаған адамды жұмыссыз қалдырады деген пікір кең тарағанымен, қазақстандықтардың көбі оған қатты лаңдамайды. Gallup International ұйымының жүргізілген халықаралық сауалнама нәтижесі осыны көрсетті. Оған әлемнің 61 елінен 60 мыңнан астам респондент қатысқан. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Қатысушыларға қойылған үш сұрақтың бірі мынадай «Жасанды интеллект жұмысыңызға қауіп төндіреді деп ойлайсыз ба?» деген сауалға көпшілігі «алаңдамаймын» деп жауап берген. Ал жұмыссыз қалудан қорқатындардың үлесі 36 пайыз. Осылайша, Қазақстан жасанды интеллектіні қауіп көрмейтін әлемдегі бес елдің қатарына кірген. Филиппин, Үндістан, Индонезия секілді мемлекеттердің тұрғындары ақылды жүйе салдарынан жұмыссыз қаламыз деп қорқады. Сауалнама кезінде жасанды интеллектке негізделген бағдарламалар мен қосымшаларды респонденттердің 64 пайызға жуығы пайдаланатынын айтқан. Көбі ақпарат іздеуге, білім алып өзін-өзі дамыуға және кеңес алу үшін қолданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы