Шығыс Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру түсіндірілді

13.01.2023

Еліміз бойынша шетелдік автокөліктер көп кірген өңірдің бірі - Шығыс Қазақстан. Бірақ аймақта бүгінде басқа мемлекетте тіркелген қанша көлік жүргені туралы нақты ақпарат жоқ. Қай өңірге қанша автокөлік әкелінгені заңдастыру жұмыстары аяқталған соң ғана анықталмақ. Облыстық Полиция департаменті қызметкерлері шеттен әкелінген көліктерді заңстыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол үшін Өскемендегі автокөліктерді тіркеу орталығында полиция, Кеден және кірістер департаментінің қызметкерлері жұмысқа кірісті. Заңдастыруға 2022 жылы қыркүйектің біріне дейін Қазақстанға енген көліктер жатады. Ал елге шеттен келген көліктердің арасында қосалқы бөлшек ретінде жеткізгендері көп. Мұндай көліктер заңдастыруға жатпайды.

Еркін Ануарбеков, облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

23 қаңтардан бастап бұл азаматтар өз құжаттарын тапсыратын болса, біз оны екі тәуліктің ішінде түгелдей тексереміз. Автокөлікті әкеледі. Құжаттарын тапсырады. Сол кезде белгілі болады, автокөліктердің жағдайы. Заңстыруға келе ме, келмей ме? Келмеген жағдайда, бұл автокөліктің иелері автокөліктерін елден шығару керек немесе бөлшек күйінде сатыла ма? Тиым салынады. Бұл көлікті пайдалануға.


Хабарламаларға жазылу