Қостанайда құбыр жарылып, тұрғын үйлерге су кірді
Қостанайда диаметрі 300 мм-лік құбыр жарылып, суық су көшеге жайылды. Оның екпіні күшті болғаны сонша бір сағат ішінде 6 жер үйдің ауласын басып, бір үйдің ішіне дейін кіріп кетті.
Үй ішіндегі су деңгейі 15-20 см-ге көтерілген. Апат салдарынан 3 көпқабатты үй мен 17 жеке сектор суық сусыз қалды. Коммуналдық сала мамандары мен төтенше жағдай қызметі түні бойы сорғыларды қосып, су басқан үй мен аулаларды құрғатуға тырысты. Таң ата үй іші судан тазартылды.
Алайда аула мен көшеге жайылғаны әлі де мұз болып қатып жатыр. Зардап шеккен тұрғындармен қала әкімі кездесті. Қазір тұрғындарға келген шығын көлемі анықталып жатыр.
Алмат Исмағұлов, қала әкімінің орынбасары:
Арнайы комиссия кімге қанша шығын келгенін анықтайды. Содан соң заң нормаларына сәйкес өтемақы төлейміз. Тек дүние-мүлік бүлінгені болмаса, аса ауыр зардаптар жоқ. Су кірген бір үйдің тұрғындары ғана уақытша баспанаға мұқтаж. Мамандар су құбырын қалпына келтіріп жатыр.
Әділбек Жақсыбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06