Қытай карантин талаптарын алып тастады
Қазақстан-Қытай шекарасында көрші ел тарапы үш жыл бұрын енгізген шектеулер мен карантиндік шаралар алынды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді.
Атап айтқанда, «Нұр Жолы», «Қалжат», «Майқапшағай», «Бақты» өткізу пунктері 8-9 қаңтар күндерінен бастап пандемияға дейінгі жұмыс режиміне көшті.
Еске сала кетсек, осыған дейін қытай тарабы отандық жүк автокөліктеріне бірқатар қатаң талап қойған болатын. Соның салдарынан жүргізушілер көліктерді қайта жабдықтап, шығынға баттық деп наразылық танытқан.
Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі:
Кеше «Қалжат» бекетінде Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы шекара қызметімен бірлесе отырып сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесті. Сол кезде барлық сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ал «Алакөл» өткізу пункті бойынша қытайлық тарап тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Пункт жақын күндері отандық көліктерді қабылдай бастайды, - деді комитет өкілдері.
Қазақ-Қытай шекара пунктерінен өтетін жүргізушілерде міндетті түрде виза мен коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР тест болуы қажет. Барлық автөкөліктер халықаралық стандарттарға сай болуы шарт. Еске салай кетейік, Қазақстан-Қытай шекарасында 5 өткізу пункті бар.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06