Ауруханаларда МРТ аппараты жетіспейді - депутат
Елде 98 мыңнан аса баланың мүмкіндігі шектеулі. Оларды уақтылы, тұрақты түрде оңалтса, аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік бар. Ол үшін аудандар мен ауылдарда оңалту орталықтарын ашу керек.
Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында мәжіліс депутаты Динара Зәкиева осылай деді. Қазір мұндай мүмкіндікке ие болу үшін ата-аналар жылдап кезекке тұруға мәжбүр. Сонда да тұрақты сауықтырудан өтіп тұруға мүмкіндік жоқ,-дейді.
Өйткені кезек тек 4 жылда бір келеді. Депутат сонымен бірге ауруханаларда МРТ аппаратының жетіспейтінін жеткізді. Қазір мұндай құрылғы Жамбыл облыстық балалар ауруханасында ғана бар.
Ал Ақтөбедегісі жұмыс істемейді. Соның салдарынан ата-аналар балаларын МРТ-ға түсіру үшін Астанаға келеді. Бұған қатысты Алтай Көлігінов әкімдерге тапсырма берді.
Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-Министрінің орынбарасы:
Бүкіл әкімшіліктер осы міндетті орындау керексіздер. Себебі біздің елімізде осы оңалту қызметіне мұқтаж балалардың саны баршылық. Соның бәрін қамтамасыз етуіміз керек. Өңір әкімдіктеріне осындай тапсырма береміз. Хаттамада бекітіп, мерзімі бірінші жартыжылдықта орындау керек.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01