Ақмола облысында 3 гидротехникалық бөгет апатты жағдайда
Ақмола облысында 60-тан астам гидротехникалық бөгет әбден тозып тұр. Оның 3-уі апатты жағдайда. Бұл туралы көктемгі ағын судың алдын-алу бойынша өткен брифингте айтылды.
Гидротехникалық бөгеттер 30 жыл бұрын пайдалануға берілген. Көктемде су ағынына шыдамай кетуі мүмкін,-дейді мамандар. Өңірдегі 128 елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан.
Сондай-ақ 70-тен астам тас жол бөлігі судың астында қалуы мүмкін. Сондықтан алдын-алу шаралары пысықталып жатыр. Кешенді жол картасы әзірленген. Гидротехникалық бөгеттерді салу және күрделі жөндеу жасау үшін 8 нысанға жобалық-сметалық құжат дайындалуда.
Еркін Берлібеков, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:
Гидротехникалық бөгеттерге жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы билік органдарына, меншік иелеріне ұсыныстар жолданды. Бөгеттерде су жиналғанда, оны уақытылы ағызып жіберу керек немесе транзиттік жұмыс тәртібіне ауысқан жөн. Көктемде барлық нысандар ерекше бақылауда болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06