Тазы мен төбет өсірушілерге субсидия берілуі керек
Қазақы ит асырап, тұқымын асылдандырам дегендерге қаржылай көмек көрсетілуі керек. Елдегі тазы мен төбет бағатын азаматтар осылай дейді. Өйткені таза қанды күшіктер қымбат. Ал оның ем-домы мен тамағына кететін ақша да қыруар дейді олар.
Серік Селеубайұлы, тілші:
Мына төбеттің аты – Мойнақ. Биыл екі қар басты. Иесінің айтуынша, халық күшіктерін бір айға жеткізбей талап әкетеді. Ал кез-келген тұқымды тіркеу үшін үш буын ауысуы керек. Яғни бұл иттің күшігі өсіп, өзі күшектеуге тиіс. Ал оған шамамен он жыл уақыт кетеді.
Сондай-ақ кемі құжаты бар мың ит болуы шарт. Ал біздегі бөрібасарлардың нақты санын ешкім айта алмайды. Себебі, арнайы тіркеу жүргізілмеген. «Төбет – қазақы ит» қорының жетекшісі Данияр Дәукей қағазбастылықтың кесірінен қойлы ауылдағы құтпандар статистикаға енбей қап жатқанын айтады.
Данияр Дәукей, «Төбет – қазақы ит» қорының жетекшісі:
Итті көрмеге апару керек. Қойда жүрген итті көрмеге ешкім апара алмайды. Сол үшін көп нағыз жұмыс істейтін төбеттер тіркелмеген. Сол жаққа барып соларды көру керек. Баға беру керек. Сол кезде құжат беруі керек.
Мамандардың айтуынша, қазақы иттердің тұқымы ғасырлар бойы табиғи жолмен іріктелген. Себебі түз тағысымен таласқан төбет әлсіз, ал тазы шабан болуы мүмкін емес. Бірақ, бала күнінен саят құрып жүрген Жүрсін ақсақал төл тұқымымыз басты қасиетінен айырылып барады дейді.
Жүрсін Бұралқиев, дәстүрлі аңшы:
Тілерсегін тістемеген тазыны білді ма қасқыр. Болды ол еркін қаша береді. Ал тілерсегін тістеді ме, ол шоқиып отырады. Сөйтіп ұрып алуға болады. Тазының күші оның тісінде. Тазының тісі өте өткір. Кәзіргі мына біздің тазыларда сол тіс жағын тазартуымыз керек.
Сонымен қатар, сырттандарды көбейту үшін арнайы субсидия берілуі керек дейді мамандар. Яғни шаруа тазы мен төбет өсіріп, қанын таза сақтағаны үшін қаржылай қолдау алуға тиіс. Сонда оның да итін тіркеуден өткізіп, төлқұжат алуға ынтасы оянады. Бұл төл тұқымның генотипін айқындап, стандартын белгілеуге мүмкіндік береді. Яғни FCI аталатын Әлемдік кинологтар қауымдастығы мойындайды деген сөз. Биыл арнайы заң қабылданып, Экология және табиғи ресурстар министрлігі уәкілетті орган ретінде белгіленді. Бұл мақсатқа бюджеттен 1 миллиард 400 млн теңге бөлінген.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06