Қаңтар оқиғасы кезінде Президент елге рух берді - Қошанов
«Қаңтар оқиғасы кезінде ел Президенті «Мемлекет құламайды» деген бір сөзімен халыққа рух берді. Осылайша халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында мемлекеттігімізді сақтап қалдық.» Бұл жайында Парламент Мәжілісінің төрағасы, Бас прокурор мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысқан Парламенттік тыңдау кезінде айтты.
Палата төрағасы «тікелей эфирде өткен тыңдалым - биліктің ашықтығы мен осы ауыр мәселені егжей-тегжейлі анықтауға ерекше мүдделі екенін көрсетеді.»,- дейді. Бұл жайттар Бас прокурордың баяндамасында да толық қамтылғанын жеткізді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Қаңтар оқиғасының нақты жоспарланған ауыр қылмыс екенін дәлелдейтін фактілер жеткілікті бүгін айтылды. Қаңтарды ұйымдастырушылардың көздегені қантөгіспен болсын, қандай жолмен болсын билікті басып алу еді. Бұл - ашығын айтқанда, тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын. Бірақ халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында, Президентіміздің ерік-жігерінің арқасында біз мемлекеттілігімізді сақтап қалдық. Ең бастысы, елдің туы жығылған жоқ.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01