Сенат сайлауы: Ақтөбе облысынан 3 үміткер тіркелді
Ақтөбе облысынан Сенат депутаттығына үміткер ретінде 3 адам тіркелді. Қазір олар үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл үшін республикалық бюджеттен әрқайсысына 550 мың теңгеден бөлінді. Сайлау қорытындысы бойынша, тек бір кандидат қана депутат атанады. Оны түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары таңдайды.
Ақтөбе облысында 202 мандат бар. Олардың 33-і облыстық, 30-ы қалалық және 139-ы аудандық мәслихат депутаты. Таңдаушылар тізімі бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиясының интернеттегі парақшасында жарияланды.
Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:
Ақтөбе облысында Сенат депутаттығына кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізуде. Сайлау алдындағы үгіт 2022 жылдың 24 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 18 сағаттан кейін басталды. 2023 жылдың 13 қаңтарында нөл сағатта аяқталады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01