1 млн 170 мың адам банкрот деп жариялануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 млн 170 мың адам банкрот деп жариялануы мүмкін

29.12.2022

Қазақстанда 1 млн 170 мың адам банкрот деп жариялануы мүмкін. Олардың көпшілігінің қарызы 5 млн теңгеден немесе 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Бұл туралы Сенат қабырғасында Қаржы министрінің орынбасары айтты.

Берешегі барлардың 31 мыңы өзін банкрот деп тану үшін сотқа жүгінуі мүмкін. Ведомство өкілінің айтуынша, банкрот деп жариялануға жататын азаматтардың көбі кепілсіз тұтынушылық несие алғандар. Сонымен қатар банкрот борышкердің қатарына кіретіндердің арасында атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандар да бар.

Олардың саны 37 мыңға жуықтайды. Оның 420-сы сот арқылы арыздануына болады. Бүгін Сенат бұл туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, борышкерді банкрот деп жариялаудың 3 тәсілі енгізіледі. Біріншісі – соттан тыс жүзеге асады. Екіншісі – сот арқылы шешіледі. Үшінші рәсім – азаматтың төлем қабілетін қалпына келтіру. Тұрақты табыс болса, қарызды өтеу үшін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігі болады.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Бірақ бұл процедура азаматтың өз еркі. Біз қарызы бар адамдарды бізге келіңіз немесе сотқа барыңыз деп үгіттей алмаймыз. Бұл өзінің салмақты ойланып, істеген ісі болып саналады. Себебі үлкен салдар бар.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу