Астанада халыққа жаңа қызмет көрсету орталығы ашылды
Астанада Кайдзен қағидатына негізделген халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл кеңсенің артықшылығы - осында келетін азаматтар өздеріне керекті қызметті бір терезе қағидаты бойынша алмайды. Мұнда әр қызмет пен құжат алу үшін жеке аймақтар құрылған.
Мысалы көп уақыт алмайтын мәселелер «жылдамдық» аймағында, оператордың көмегінсіз көрсетілетін қызметтер «ену» аймағында шешіледі. Бұдан бөлек орталықта 24 сағат бойы жұмыс істейтін постаматтар орнатылған. Азаматтар жұмыстан кейін кез-келген уақытта құрылғыдан дайын құжаттарды алып кете алады.
Сондай-ақ бейне қоңырау арқылы мемлекеттік қызметтерді алу қарастырылған.
Айнұр Тобаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма басшысының орынбасары:
Сіз мемлекеттік қызметтерді видеоЦОН арқылы үйде отырып, халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ, тапсырыс бере аласыз. Қазір ең танымал қызметтің бірі - электрондық цифрлық қолтаңбасын алу. Интернетіңіз болса pki.gov-қа тапсырыс беріп, видеоЦОН-ға қоңырау арқылы хабарласып, сіз өзіңізді сіз екеніңізді растасаңыз, сізге ЭЦП кілтін рәсімдеп жолдайды.
Кеңсеге күніне мыңға жуық азамат кеп тұрады. Қазіргі таңда орталықта 32 оператор қызмет істейді. Келешекте мұндай пилоттық жоба барлық өңірде іске қосылмақ.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06