Атырауда 3 млрд теңге бөлінген құрылыс аяқсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 3 млрд теңге бөлінген құрылыс аяқсыз қалды

28.12.2022

Атырауда 11 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған концерт залы бұзылатын болды. Оның орнына шығармашылық орталығы салынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Орта жолдан тұралаған нысанды салу үшін бастапқыда бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген.

Жоба өңірдің экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің атышулы ісінен кейін аяқсыз қалған еді. Осы деректің аясында 2012 жылы мердігер мекеменің үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Қазір әлеуметтік маңызы бар ғимарат әбден тозған. Терезелері сынып, темір қаңқасын тот басқан. Жауаптылар өткен айда ғана мәдени ошақты қалпына келтіру үшін 5 млрд теңге керегін айтқан.

Қайрат Нұртаев, облыс әкімінің орынбасары:

Инвесторлар арқылы саламыз. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келесі жылдан бастаймыз. Жылда солай айтады. Бірақ бұл облыс әкімінің тікелей бақылауында тұрған мәселе.

Құрылыстың неге жалғаспай қалғанын сол кезде қала әкімі болған Нұрлыбек Ожаев түсіндірді. Мәжіліс депутатының айтуынша,  2011 жылы тұралап қалған құрылысқа 2014 жылы ғылыми институт мамандары сейсмологиялық тексеру жүргізіп, оны жалғастыру тиімсіз деген шешім шығарған.

Депутаттың сөзінше, онда ғимарат көп уақыт тұрып қалғандықтан, бетон тіреулері шіріп кеткен деген қорытынды жасалыпты. Ал облыстық бюджеттен қаржыландырылған нысанның құрылысына тапсырыс бергендер мен бас мердігер компания өкілдері жауапқа тартылған. Осылайша мемлекеттік бюджеттің 3 млрд теңгесі желге ұшты», - дейді депутат.

Нұрлыбек Ожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қаражат қаралғаннан кейін барлығы толыққанды пайдаланылғаны дұрыс қой. Бірақ эксперттердің, мемлекеттік ғылымыи- зерттеу институтының қорытындысы негіз болғаннан кейін ол жерде біздердің біріншіден, құқығымыз жоқ, екіншіден, ол қалалық бюджеттен қаржыландырылған жоқ.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу