Инженерлік өнімді өндіру мәселесі талқыланды
Қазақстанда жылу, су және электр желілерін жаңартуға
қажетті жабдықтың едәуір бөлігі әлі де шетелден сатып алынады. Оның ішінде
трансформаторлар, кабель мен полимер және құбырлар, темір-бетон бұйымдары мен
арматура бар. Отандық өндіріс әзірге барлық сұранысты толық қамтамасыз ете
алмай отыр. Осы мәселенің шешімін табу үшін Астанада энергетика және
коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған ауқымды форум өтіп жатыр. Жиында
Қазақстанның өндірістік интерактивті картасы да таныстырылды. Мамандардың
айтуынша, шамамен 350 тауар түрі ел ішінде өндірілмейді немесе жеткіліксіз
көлемде шығарылады. Себебі сан түрлі. Біріншіден, біздегі кәсіпорындарда
заманауи жоғары технология жетіспейді. Екіншіден, бірқатар зауытта
сапаны толық тексеретін зертхана мен техникалық бақылау жүйесі жоқ. Енді мемлекет отандық өндірісті күшейтіп,
импортқа тәуелділікті азайтуды көздеп отыр.
Нұрсұлтан
Керімқұлов, ӨҚМ комитет төрағасының орынбасары:
Бүгінгі форумға қатысып отырған Өнеркәсіп және құрылыс министрілігі, сонымен қатар энергетика министрлігі және ұлттық экономика министрлігі қатысып отыр. Осы ұлттық жобаның шеңберінде бізде бірінші кезекте арнайы қазақстандық өнеркәсіп мекемелерін қолдау көрсетіледі. Егер кез келген құрылысы материалдары Қазақстанда шығарылатын болса, шетелдік мемлекеттерлен сатып алуға тыйым салынады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17