Алматыда мәдениет саласының үздіктері марапатталды
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Алматыда да мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар маман салтанатты түрде марапатталды. Шығармашылық ұжым өкілдері, оның ішінде музей, кітапхана, театр және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері еңбектегі жоғары жетістіктері үшін ерекше құрметке ие болды. Қала мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды насихаттауға сүбелі үлес қосқан мамандар «Еңбек ардагері» медалімен, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қызметкерге Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан «Құрмет» грамотасы мен Алғыс хаттар берілді. Марапаттау мерекелік концертке ұласты.
Оңдасын Бесікбасов, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің
иегері:
Өмірге келген өнер адамдары осы өнер деп туған болса, ғұмырын осы мәдениетімізге арнаған. Қазақстанның ішіндегі әдеби, мәдени адамдардың өмірі сахнамен мәдениеттің арасында өсіп-өніп келеді. Солардың жетістіктері қазақ халқының ,мемлекетті көтеретін салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз бірінші орында тұрады деп ойлаймын.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05