СҚО-да 3 адамнан бруцеллез анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында 3 адамнан бруцеллез анықталды. Екеуі қауіпті дертті қорадағы малдан жұқтырған.
Мамандардың айтуынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Ауру ошағы Шал ақын ауданында және Петропавл
қаласында тіркелді. Үшінші адамның инфекцияны қайдан жұқтырғаны анықталған жоқ.
Жыл басынан бері облыста 4 ауданның 10 елді мекенінде 50 бастан астам ірі-қарадан
бруцеллез анықталды. Аурудың таралуына жол бермеу үшін мамандар тиісті шараларды қолға алды. Бруцеллезге қарсы вакцинация Қазақстанда
міндетті екпелер қатарына жатпайды.
Толқын Қаженова, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті бөлімінің бас маманы:
Дене қызуының ұзақ уақыт бір ай бойы кешкі уақытта көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, әлсіреу, бас ауруы, буындардың ісінуі. Белгілерді құнттамаған кезде адамдар осы аурудың созылмалы түріне, яғни асқынуларға әкелуі мүмкін.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16