Басты Жаңалықтар Атырау облысында 9 теміржол вокзалын жаңартуда

Атырау облысында 9 теміржол вокзалын жаңартуда

Атырау облысында 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр. Инфрақұрылымды  жаңғырту бағдарламасы аясында «Атырау-Актөбе» және «Атырау-Астрахань» бағытындағы стансалар  мен 50 жыл бұрын пайдалануға берілген  облыс орталығындағы теміржол вокзалы да жөнделіп жатыр. Жобалық құны 3 млрд теңгеден асатын құрылыс келесі жылы жазда аяқталады. 

Жөнделетін 9 теміржол вокзалының ішіндегі  ең маңыздысының бірі – Ганюшкино стансасы. Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылында орналасқан нысан Ресеймен шекарадағы негізгі бекет саналады. 20 жылдан бері жаңғыртылмаған станцияның  аумағы қазір 4 есеге үлкейген. Жаңадан ана мен бала бөлмесі, медпункт, перрон салынып, жаңа жол  төселген.
Елена Әдиева, вокзал кезекшісі:
Бұрын вокзал тек 50 жолаушыларға арналған болса, қазір бірден 150 жолаушыға арналған лэд экранымыз және банкоматтар болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы бөлме қарастырылған.
Ал бұл - Атырау қаласындағы теміржол вокзалы. Ғимарат 1972 жылы пайдалануға берілген. Тәулігіне 2,5 мыңдай  жолаушы өтеді. 50 жылдан астам уақыт жаңартылмаған ғимараттың тозығы жеткен, өте тар. Енді қайта жаңғыртылған ғимарат 5 мың жолаушы қабылдайды. Әзірше жолаушылар үшін 2-3 жолға шығу бағыты өзгертіліп, билет кассалары ғимараттың алдына көшірілді.
Данияр Ғарифулла, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
Атырау вокзалы бойынша жұмыстар екінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарланып отыр. Аталған жобалар EPS-контракт негізінде жүзеге асырылуда. Жөндеу және құрылыс жұмыстары барысында бүкіл заманауи стандарттар ескерілген.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Тоғыз жолдың торабында тұрған Атырау стансасы арқылы тәулігіне 6 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Жоба толық жүзеге асқанда ішкі жолаушылар тасымалы жанданып, туристер үшін де қолайлы жағдай қалыптаспақ. Жалпы, биыл өңірде осындай 8 стансаның ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Олардың әрқайсысының құны көлемі мен құрылысына қарай 150-180 млн теңге шамасында.


Бөлісу