Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді
Оралда апатты үйдің орнына жаңа 108 пәтерлік баспана салынып, ел игілігіне берілді. Оның 30 пәтері ескі үйдің тұрғындарына табыс етілді. «Реновация» бағдарламасы аясында қалада тозығы жеткен 28 үй бұзылып, орнына 13 жаңа баспана салынды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Осы ауданда тағы бес үй салынады. Бұрынғы жылу, су желісі ескірген, аумағы тар пәтерде тұрған жандар кең, жарық, жаңа қонысқа көшіп, ризашылығын білдірді. Жалпы шаһарда 52 апатты жағдайдағы және 300-ден астам ескі үй бар.
Венера Жүсіпова, қала тұрғыны:
Бүгін көптен күткен қуанышты жаңалық - жаңа пәтерге ие болып жатырмыз. Бұл пәтерді көп күттік. Екі қабатты ескі үйлерде, сүрілуге кеткен үйлерде тұрған пәтер иелерінің барлығын жаңа пәтерге, жаңа қонысқа ие болғанымен шын жүрегіммен құттықтаймын. Алда барша үйге мұқтаж адамдар жаңа пәтерге ие болсын деп тілек айтқым келеді келе жатқан жаға жылымызда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06