Өскеменде ауласындағы қарды уақытылы шығармағандарға айыппұл салынды
Өскеменде ауласындағы қарды уақытылы шығармаған жеке нысан иелеріне айыппұл салынып жатыр. Бүгінге дейін 150-ден аса кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 18 кәсіпкер айыппұл арқаласа, 100-ге жуығына ескерту берілді.
Бизнес өкілдеріне 30-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл белгілеген. Ірі сауда үйлері мен жеке компаниялар арнайы техникасы бар мердігерлермен өздері келісім жасап, ауласын қардан тазартуы тиіс. Қазір қалалық әкімдік өкілдері полиция қызметкерлерімен бірлесіп бақылауды күшейтті.
Өскеменді осыдан 2 апта бұрын қалың қар басып қалған. Жеке нысандарды ауласын айтпағанда, қазір қаладағы орталық даңғылдың екі жиегінде қар әлі тау болып үйіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06