Елорданың «Сарыарқа» ауданында тірі шырша безендірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың «Сарыарқа» ауданында тірі шырша безендірілді

26.12.2022

Жаңа жыл - елімізде кеңінен тойланатын мерекелердің бірі. Көпшілік асыға күтетін мейрам қарсаңында елорданың «Сарыарқа» ауданы әдеттегідей алаңдар мен көшелерді безендіру жұмыстарын жүргізді. Бірқатар жерге шыршалар орнатылып, ересектер мен балалар үшін сырғанақтар жасалды.

Аудандағы бас алаңда тірі шырша безендірілді. Мұнда шағын сәулет нысандары бар. Сырғанақ пен шағын мұз айдыны жасалды. Келген халыққа сырғанау төсеніштері жалға беріледі. Коньки, шана сынды керек-жарақты тұрғындар өздерімен бірге алып келсе де болады. Жалға беру орындары түскі сағат 11-ден түнгі 10-ға дейін жұмыс істейді.

Есіл өзені жағалауында 5 сырғанақ жасалды. Мұз айдыны да бар. Жаңаждылдық сәулет нысандары орнатылды. Барлығы келушілерге ұнап жатыр. Бұл бір жағынан салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін де үлкен қуаныш. Сарыарқа мен Республика даңғылдары ерекше безендірілді. Өткен жылғы белт лайдтар орнатылды. Қызыл-жасыл шамдар жаңа жылдық көңіл күй сыйлайды. Сонымен қатар, «Көктал» саябағында 18 метрлік «Томирис» шыршасы орнатылды.

Әділ Қапсалямов, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының бас маманы:

Бюджеттен қаражат бөлінді. Оған қалпына келтіру жұмыстары да кіреді. Мысалы айтқанда мұз айдындары, төбешіктердің мұздары жұмсарады. Біздің мердігер ұйымдар соларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Жаңа жылдық безендіру мен сәулет нысандары қаңтар, ақпан айларында тұрады. Олар қала көркін ашып қана қоймай, қалалықтар мен шаһар қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлайды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу