Энергетика министрі: Энергия мен жылу тарататын мекеме жабдықтары ескі
Жамбыл облысында энергия мен жылу тарататын мекемедегі жабдықтардың 80-90 пайызы тозған. Желілердің де 70 пайыздайы ескірген. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Энергетика министрі осылай деп мәлімдеді. «Таразэнергоорталығы» мен Жамбыл электр станциясына барған сала министрі орталықтардың жағдайын көзбен көрді. Көнерген желілерді жаңарту үшін «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы қабылданбақ. Осы жоба аясында энергия мен жылу өндіретін нысандардың қолданыстағы активтерін жаңғыртуға және кеңейтуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, өңірлерде жылу мәселесін шешу үшін «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң қабылданады. Онда жылу жүйесіндегі тариф бағасы, электр қуатын сатып алу мен сатуды реттейтін нарықтың жаңа моделіне көшу жайы қарастырылмақ. Тұрғындармен кездескен ведмство басшысы 10 жобаға 8,4 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айтты. Жоба іске асса, тағы 130 мыңдай тұтынушы табиғи газға қол жеткізеді.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
Қазіргі уақытта ең маңызды мәселенің бірі бұл – бүкіл жылу орталықтарымен және жылу желілерін қалпына келтіріп, реттеп бүкіл осы бірінші тоқсанның аяғына дейін, бүкіл аудитті жүргізіп нақты қаражат көлемін анықтау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06