Азаматтық алу үшін Қазақстанда 5 жыл тұру керек
Қазақстан азаматтығын алу үшін шетелдіктер елімізде 5 жыл тұруы керек. Бұл туралы Көші-қон комитетінің өкілдері айтты. Егер осы елдің азаматымен некелескен болса, 3 жыл тұруы шарт. Оның өзінде азаматтық оңайлықпен берілмейді.
Яғни, шет ел азаматы қазақ тілінен сынақ тапсырады. Оған дейін тіл үйренуге мүмкіндік беріледі. Қазір тиісті заң жобасы пысықталып жатыр.
Ілияс Испанов, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Тесті тапсыратын жерді ұйымдастыратын орталықтарды ашуды қарастырып жатыр, ол бірінші. Қандай дәрежеде білу керек екені, оның барлықтары заң қабылданғаннан кейін құқықтық актілерде белгіленетін болады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06