Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алаңы кеңейтіледі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алаңы кеңейтіледі. Бүгін Сенат «Өсімдіктер дүниесі туралы» заңды мақұлдады. Құжат гендік қорды сақтау мен көбейту, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіз жасауды көздейді. Сонымен қатар, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді сақтау және қорғау, түгендеу мен мемлекеттік кадастр жүргізу жөніндегі нормалар қарастырылған. Заңда саладағы мемлекеттік міндеттерді шешу ескерілген. Іс-шараларды жүзеге асыру үшін орман, жер, кәсіпкерлік, бюджет кодекстері мен «Жайылымдар туралы» заңдарға түзетулер енгізу талап етіледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Бұл заңдар өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған. Қоршаған ортаны қорғауға, елдің табиғи байлығын дамытуға және оны еселеуге бағытталған шаралар қабылдауға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06