Оралда «Қаламгерлер алаңы» ашылды
Оралда «Қаламгерлер алаңы» ашылды. Бұл - қазақ руханиятының дамуына үлес қосқан, сол жолды жалғастырған жергілікті ақын-жазушыларға арналған шынайы құрметтің белгісі.
Өмірден өткен қаламгерлердің рухына тағзым ретінде арнайы жасалған белгітас қаладағы шағын саяябақта орнатылды. Бұл жер шаһардағы тағы бір жақсы демалыс орнына айналып келеді.
Жалпы аумағы - 13 мың шаршы метр. Тротутарлар жасалып, орындықтар қойылған. Алдағы уақытта веложолақ салып, ойын және воркаут алаңшасын жасау жоспарланып отыр.
Дариға Мұштанова, ақын:
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді. Дүниеден өткен Жұбан ағамыз, Қадыр ағамыз, Жанғали ағамыз сияқты ақындарымыздың рухы разы болса, қазіргі қалам ұстаған бір шоғыр қаламгерлерге шабыт береді, жауапкершілік жүгін ауырлатады деп ойлаймын.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06