Басты Жаңалықтар Елордада меншік иелері бірлестіктері тұрғын үйді басқару реформасын жүргізуде

Елордада меншік иелері бірлестіктері тұрғын үйді басқару реформасын жүргізуде

Астанада тұрғын үйді басқару реформасының тиімді жүзеге асуына меншік иелері бірлестіктері орталығының қосып жатқан үлесі зор. Былтыр ғана ашылған орталық жаңадан тағайындалған бірлестік төрағаларына шеберлік сағаттары мен тренингтер өткізуді қолға алған. Бұл істің оң нәтижесі бар.

Бұл көпқабатты үйде меншік иелері бірлестігінің жұмыс істегеніне 1,5 жыл болды. Осы уақыт аралығында ғимараттың жертөлесінде ыстық су айдап тұратын сорғыш пен құбырлар толығымен жаңартылды. Тұрғындардан жиналған ақшаның қайда жұмсалатыны туралы ай сайын есеп беріліп тұрады.

Айгүл Нұрсейітова, қала тұрғыны:

КСК болған кезде осы үй тұрғындарының арасындағы қарым-қатынас онша жақын, сондай достық қатынаста болған жоқ еді. Ал қазіргі, мысалы, әрбір мерекеде болса да, әрбір проблема болса да барлығы жұмылып бірден сол проблеманы шешуге тырысады. 
Астанада осы секілді 800-дей меншік иелерінің бірлестігі бар. Алайда барлығы бірдей тұрғындардың көңілінен шығып жатыр деу қиын. Сондықтан бірлестік басшыларына тұрғындармен жұмыс істеу, құжаттарды сауатты жүргізу жағынан білімді тегін шыңдауға мүмкіндік қарастырылған. Бұған былтыр ашылған орталық өз септігін тигізуде.

Мөлдір Құлтанбаева, меншік иелері бірлестігінің төрайымы:

Бір үйдің 100 пайызын алсаңыз, оның тұрғындарының 2-5 пайызы қанағат, жақсы деген баға береді. 70-80 пайызы күл болмасаң, гүл бол деп өздерімен өздері отыра беретіндер. 10-15 пайызы ол отырсаң опақ, отырмасаң сопақсың оларға. Оны не істесең де, жақпайсың оларға. Біздің мына орталық соны ескеріп, бізге психологтар мен тренингтерді өткізіп берді ғой сол жағынан.
Тұрғын үйді басқару реформасын іске асыру мақсатында орталықта биыл 20 шеберлік сағаты өткізілді. Бір айда кемінде үш рет төрағалармен кездесу ұйымдастырылған.

Ламбриан Топузидис

Бөлісу