Әр отбасының цифрлық картасы жасақталады
Әлеуметтік кодекс жобасы жуырда дайын болады. Құжатта әр азаматты әлеуметтік қолдау тетігі қарастырылған.
Оралға арнайы барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, әр отбасы смартфон арқылы өзіне тиесілі жәрдемақы, атаулы көмек, басқа да төлемдер жайлы деректі ала алады.
Биылғы Жолдауда айтылғандай, 2024 жылдан бастап әр балаға шот ашылып, Ұлттық қордан ақша бөлінеді. Бала күтіміне төленетін жәрдемақы 1 жастан 1,5 жасқа ұзартылады.
Сондай-ақ келер жылдан бастап зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен 13%-ға ұлғаяды. Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы жүйесі жаңартылады. Атаулы әлеуметтік көмектің төлем жүйесі де өзгереді.
Ербол Оспанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
Жыл сайын нотариалды түрде кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріп отыратынбыз. Онда да біраз сұрақтар туындады. Сол халықтың ұсынысын ескере отырып, монетизация жасауды жоспарлап отырмыз. 190 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұядағы балалар 1-6 жасқа дейін, жаңағы қаражатты монеталық түрде алатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Көшені Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім берілді
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04