Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әр салада түрлі белесті бағындырды. Маңызды оқиғалар мен даталарды тағы бір еске түсіріп көрейік.
2018 жыл. 1 қаңтардан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Осы жылы Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды. 12 тамызда Ақтауда V Каспий саммиті өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдерінің президенттері қатысты. Жиында ширек ғасырдан бері күрмеуі шешілмей келген Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі айқындалды.
2019 жыл. 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды. 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын Жолдауын жариялады.
2020 жыл. Елімізде әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы жалпыхалықтық деңгейде аталып өтті. Хәкім Абайдың мерейтойы аясында мәдени-ағарту бағытындағы «Abai tv телеарнасы ашылды. Бұл жыл еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Коронавирусқа қарсы күрес үшін жаңадан 15 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды.
Дарын Сағитов