Астанадағы мемлекеттік әскери-тарихи музейде «Желтоқсан желі ызғарлы» атты көрме ашылды
Астанадағы мемлекеттік әскери-тарихи музейде «Желтоқсан желі ызғарлы» атты көрме ашылды. Онда еліміздің Тәуелсіздік алуына сеп болған «Желтоқсан оқиғасы» жайында естеліктер қойылған. Олардың арасында бұрын жарық көрмеген архивтік құжаттар, фотосуреттер мен басқа да құнды жәдігерлер бар. Көрменің ашылуына «Желтоқсан оқиғасы» қатысқан азаматтар да шақыртылды. Олар жиылған жастарға елдіктің жолында ерлік көрсеткен қайраткерлер жайында естеліктермен бөлісті.
Дәулет Қадыров, Мемлекеттік тарихи-әскери музейі ұйымдастыру қызметінің басшысы:
Біздің ғылыми қызметкерлеріміз іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әлі де желтоқсан оқиғасына қатысушылар зерттелуде. Есімдері анықталып жатыр. Олар да өз еркімен осы музейге сол жәдігерлерді тапсыруда.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04