Кеңес отырысы: Әкімдіктер барлық рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жою керек
Әкімдіктер барлық рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жоюы керек. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, бұл жұмыстарды келер жылдың 1-маусымына дейін реттеуді тапсырды. Мәселе Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында көтерілді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтың сөзінше, қазір елде үш мыңнан аса қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Тағы 20 полигон салу жоспарланып отыр. Дегенмен, қолданыстағы полигондардың ішінде тек 600-ден астамы ғана экологиялық және санитарлық нормаларға сай. Сондай-ақ Премьер-министр жылына 4,5 млн тонна тұрмыстық қалдықтар жиналатынын айтты. Алайда жергілікті атқарушы органдар қоқыс жинау жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыра алмай отыр, дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06