Еліміз тәуелсіздік алғалы сыртқы және ішкі саясатта маңызды оқиғалар аз болған жоқ. Солардың бірқатарын тағы да парақтап көрейік.
2012 жыл. 6 шілдеде Астанада «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылу рәсімі өтті. 22 қарашада еліміз 2017 жылы Дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесін өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросының 103 мүшесі Астананы қолдап дауыс берді. Осы жылы Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етті.
2013 жыл. Қазақстан тарихында алғаш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті. 24 тамызда «Бір халық - Бір ел - Бір тағдыр» ұранымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы өтті. 11 қыркүйекте Солтүстік Каспий қайраңындағы Қашаған кен орнынан мұнайдың алғашқы баррелі өндірілді.
2014 жыл. Тамызда Үкіметте қайта құру жұмыстары жүргізілді. 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына 12 министрлік мен 30-ға жуық комитет құрылды. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздері толық аяқталды.
Дарын Сағитов