Қаңтар оқиғасына қатысқан 1071 азаматқа рақымшылық жасалды
Қаңтар оқиғасына қатысқан 1071 азаматқа рақымшылық жасалды. Олардың басым бөлігіне қылмыстық іс қозғалған болатын.
Сондай-ақ сот шешімімен 9 адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, 77 адамның жаза мерзімі қысқартылған. Бұл жайында Бас прокуратура қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қаңтар оқиғасына қатысты 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеген. Онда 931 адам күдікті деп танылып, 471 адамға қатысты сот үкімі шықты. Олардың ішінен 96 адам қамауға алынған.
Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:
Тергеу барысында, бейбіт азаматтар мен полицейлерге қатысты зорлық-зомбылық жасау үшін импровизацияланған құралдарды тасымалдау жүзеге асырылғаны анықталды. Мысалы, арматура, таяқтар, төсеніштер, тастар, молотов коктейлдері сондай-ақ ғимараттарды өртеу үшін автомобиль шиналары мен бензин жеткізілді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06