Биыл оңтүстіктен солтүстік аймақтарға көшкен 7 550 азаматтың 76-ы кері қайтқан
Биыл оңтүстіктен солтүстік аймақтарға көшкен 7 550 азаматтың 76-ы кері қайтқан. Жалпы қоныс аударғандардың 200-ге жуығы қандастар. Бұл туралы Көші-қон комитеті өткізген брифингте айтылды.
Азаматтардың кері қайтуына көбіне климаттың жақпауы себеп болады. Ұсынылған жұмыс көңілінен шықпаған жандар да бар. Қазір теріскейге көшкен жұртты қолдау тетіктері қайта қаралып жатыр. Болашақта оларға жер телімдері алғашында 5 жылға жалға беріліп, ісін дөңгелете алса, 49 жылға дейін берілуі мүмкін.
Ілияс Испанов, ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Көшіп кеткен азаматтардың 33-і бара салып, қайтып кеткен. Биыл заң жобасында максимум 20 гектарға дейін өз шаруашылығын жүргізуге кезексіз көшіп барған азаматтарға жер беру мәселесі заң жобасында тұр. Біз ұсыныс енгіздік. Қазір депуттаттар қарауында.
Елімізге шетелден 100 оқытушы мен ғалымдарды шақыру да жоспарда бар. Осы арқылы Қазақстанды өңірлік білім беру хабына айналдыру көзделген. Бұл мақсатта 10 жылдық «Ғылыми-педагогикалық виза» беру тәртібі енгізіледі.
Қазақстанда тұрақты тұруға ықтиярхат, кейіннен азаматтық алу мүмкіндіктері қарастырылады. Дәл осындай мүмкіндікті тапшы мамандықтар бойынша оқитын шетелдік студенттер арасынан магистранттар мен бакалаврларға да беру қарастырылады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06