20-21 желтоқсанда Орталық Азия медиа форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20-21 желтоқсанда Орталық Азия медиа форумы өтеді

13.12.2022
20-21 желтоқсанда Орталық Азия медиа форумы өтеді

Астанада 20-21 желтоқсанда Орталық Азия медиа форумы өтеді.

Орталық Азия медиа форумы – медиа саласының даму тенденциялары мен перспективаларын талқылауға, тәжірибе алмасуға, аймақтағы БАҚ-ты дамыту мен нығайту үшін жағдай жасауға арналған Орталық Азиядағы жетекші алаң.

Жиынға Нобель және Пулитцер сыйлықтарының лауреаттары, саясаткерлер мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, танымал журналистер мен сарапшылар қатысады. Олар жаңа медианы дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймақтық және жаһандық ынтымақтастық мүмкіндіктері, медиа жұмысындағы жасанды интеллект технологиялары, Орталық Азиядағы креативті индустрияны дамыту, азаматтық қоғам мен іскерлік қатынастарды дамытудағы медианың қазіргі рөлі тақырыбында пікірлерін ортаға салады.

Биылғы медиа форумның хедлайнерлері: әнші Димаш Құдайберген, YouTube-та танымал «D Billions» музыкалық тобы, актер, аты аңызға айналған америкалық боксшы кіші Рой Джонс.

Шара елордадағы Ritz-Carlton қонақүйінде ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу