Келесі жыл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға арналады
Келесі жыл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға арналады.
Мемлекет басшысы елді-мекендерге мықтап көңіл бөлу бойынша Үкімет пен әкімдіктерге нақты тапсырма берді. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу, оған шаруалар мен жергілікті қоғам белсенділерін тарту ісі айрықша назарда болмақ. Сонымен қатар ауылды өркендетудің мүлдем тың тәсілдері керек деді. Жер – ауылдағы тұрғындардың негізгі табыс көзі. Өкінішке орай, елдімекендердің төңірегінде жайылым жетіспейді. Шамамен 8,8 миллион гектар жер тапшы. Бұл мәселені де ширатуды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Менің тапсырмаммен 5,2 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – негізінен, жайылымдық жерлер. Енді Үкімет облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жерді бөліп-тарату үшін мониторинг картасын әзірлеуге тиіс. Сол арқылы жайылымдық жерге мұқтаж ауыл халқының жағдайын жасаймыз. Жалпы, бармақ басты, көз қыстыға жол берілмеу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06