Алматыда биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

12.12.2022

Биологиялық қауіпсіздік саласын қарқынды дамыту қажет. Бұл бағытта ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу мәселесі өзекті. Бүгін Алматыда «QazBioPharm» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен семинар өтіп, осы тақырыптар қозғалды.

Атап айтсақ, былтыр құрылған ұлттық холдинг денсаулық сақтау саласына қатысты 2 вакцина, ветеренарияда алты бактериофаг әзірлеп, өндіріске енгізген. Алайда биофармацефтикалық ғылымды дамытуда кедерілер көп,-дейді мамандар.

Мәселен биыл қыркүйекте биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылымның басымдықтары мен бағыттарын да айқындау бойынша заң жобасы қабылданған еді. Оның нормативтік- құқықтық жағы әлі реттелмеген. Бұған қоса салада білікті кадрлар жетіспейді.

Аралбек Ырысәлиев, «QazBioPharm» ұлттық холдингі бас директорының орынбасары:

Мамандардың тапшылығы сезіледі. Тек қана биологиялық қауіпсіздік саласы емес, ғылымның басқа да саласында. Қазақстандағы басым бағыттардың бірі біліктілігі жоғары мамандарды әзірлеу және оларды ғылымға тарту - басым бағыттарының бірі болып табылады.


Хабарламаларға жазылу