Екібастұздағы 1000-нан астам балаға демалыс орнына жолдама беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы 1000-нан астам балаға демалыс орнына жолдама беріледі

09.12.2022

«Amanat» партиясы Екібастұздағы 1300-ден астам балаға демалыс орындарына жолдама бермек. Бұл жайында партия төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облыстық филиалында өткен конференцияда айтты. Ол, Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде волонтерлер мен партия белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмекті таратуға атсалысқанын атап өтті. Онда тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер мен бірінші кезекте керекті заттар таратқан. Партия төрағасы Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы әлі де жалғасып жатыр дейді.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

Біз зардап шеккен отбасылардың балаларына қолдау көрсетуді қазір қолымызға алып жатырмыз. Ол үшін мектеп жасындағы мыңнан аса балаларды республикамыздағы демалыс орындарына санаторийлерге жіберіп, осы қысқы каникулда демалуын ұйымдастырып жатырмыз. Соның шінде осы Түркістандағы да демалыс орындарына жіберуге болады деп ойлаймын. «Аманат» партиясы бүгіннен бастап осы жұмысты қолға алды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу